Саусақтарына ампутация жасалған бүлдіршіннің ата-анасы дәрігерлерге шабуыл жасаған
Көкшетауда үш жасар бүлдіршіннің үш саусағын кесіп тастаған дәрігерлерге кішкентай науқастың ата-анасы шабуыл жасады. Қазір қос тарап бір-біріне арыз жазып, бұл мәселеге полиция араласты.
Автор: Мерген Тоқсанбай
20.01.2025
Баланың қолына байқаусызда жиһаз құлап, сол қолының үш саусағын езіп жіберген. Дереу ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер сүйегі мен еті езіліп, тек терісіне ғана ілініп қалған саусақтарын қалпына келтіру мүмкін емес депті. Сондықтан ампутация жасаған. Алайда осыған ашынған ата-ана дәрігерлерге дөң-айбат шегіп, аурухана қабырғасында жанжал шығарыпты. Тіпті дәрігерлердің біліксіз екенін айтып полицияға арызданған. Ал ақ халаттылар кішкентай науқастың әке-шешесі «ұрып-соқты» деп, құзырлы орындарға шағым түсірді.
Әлия Біләлова, Ақмола облысы ПД жетекші маманы:
— Іс Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының медициналық-фармацефтика комитетінің департаментіне жолданды. Сараптама нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Бізде медицина қызметкерлері тарапынан ата-аналардың үстінен «медицина мекемесінде заң бұзды» деген арызы да тіркелді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!