Ақтөбе: Перзентханада сәби сатқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбедегі облыстық перзентханада сәби сатқандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бөбегін саудалаған келіншектен бастап, медициналық мекеменің қызметкерлері тергеліп жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
20.01.2025
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Ақтөбе облысының полициясы перзентханада жаңа туған нәрестені сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды және қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Келіншек баласын бес ай бұрын босанған. Облыстық перинаталды орталықтан шыққан соң, бүлдіршінін басқа біреудің бауырына салып беріпті. Бала саудасына перзентхана қызметкерлерінің де қатысы бар деген күдік артқан. Себебі: сатып алатын адамдарды дәрігерлер тауып берген деген болжам бар. Бірақ мұның рас-өтірігі тек тергеуден соң белгілі болады. Қазір перзентхана басшыларынан бастап, бар қызметкерлер тергеушілерге жауап беріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар әліптің артын бағып, тергеудің аяқталуын күтуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!