Атырау: Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім жол апатын жасап, бір адам мерт болды
Атырауда жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің кесірінен бір адам мерт болып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жол апаты түнде Атырау- Дамбы тас жолында болған.
Автор: Жанат Молдашова
20.01.2025
«ВАЗ» жеңіл көлігін құжатсыз басқарған 17 жастағы бозбала рөлге ие бола алмай, «Тойота камри» көлігіне соғылған. Апаттан жүргізушінің жанындағы 15 жастағы жолаушы қаза болды. Ал жарақат алған тізгіндегі жасөспірім мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізлді. Олардың денсаулығы орташа жағдайда дейді дәрігерлер.
Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:
— «ВАЗ 2107» автокөлігіндегі 2009 жылғы жолаушысы оқиға орында қаза тауып, жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілген. Жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркеліп ,тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!