Жетісу облысы: Есірткі өндіріп таратқан трансұлттық қылмыстық топ құрықталды
Жетісу облысында есірткі өндірумен және таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ құрықталды. Олар психотроп есірткі өндіретін зертхананы басқарған.
Автор: Ақтоты Жұмабек
20.01.2025
Тінткен кезде олардан алты келіге жуық мефедрон және оны дайындайтын арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына Қазақстанға жұмыс істеуге ұсыныс тастаған. Олар Жетісу өңіріне келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен көрінеді. Жергілікті азамат оларға қажетті құрал-жабдық жеткізіп беріп отырған. Сондай-ақ есірткі сақтауға көмектескен. Күдіктілер қамауға алынды.
Қуандық Әлжан, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары:
— Ұсталған топ мефедрон психатроп затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған. Жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен дәрі-дәрмек зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажет құрал-жабдық жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан. Олардан шаммен 6 келі мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!