{metadescription}
Ақмол кентінде пәтер алмақ болған 50 отбасы алаяқтарға алданып қалған
Ақмол кентінде пәтер алмақ болған 50 отбасы алаяқтарға алданып қалған

Ақмол кентінде пәтер алмақ болған 50 отбасы алаяқтарға алданып қалған

Жарнасыз пәтер жарға жыққан. Астана іргесіндегі Ақмол кентінде алғашқы жарнасыз, бөліп төлеуге болатын пәтер аламын деген 50 отбасы алаяқтарға оңбай алданды. Көбі — мүгедек, көпбалалы отбасы, зейнеткер. Келісімшарт жасасып жаңа үйге көшіп алғандар сол пәтерлерінің бір емес, бірнеше қожайыны бар екенін енді біліп, сан соғып отыр. Бірнеше адамға сатылғаны өз алдына, алаяқтар үйдің бәрін банкке кепілге қойып, ол жақтан да ақша алыпты.

Бұл 90-жылдары тұрғызылған көпқабатты үйлер. Риелторлар шетінен сатылымға шығарған кезде өте қолайлы ұсыныс жасапты. Баспанаға қол жеткізе алмай жүрген отбастары алғашқы жарнасыз әрі бөліп төлеуге бірден келіскен. 

Жанар Отаралиева:

250 мың қолына санап бердік. Пәтерді 12 миллионға алғанбыз. Өйтіп-бүйтіп төлеп отырдық, ақша болған сайын бөліп төледік. Сөйтсек пәтердің екі қожайыны бар екен, кейбіреуінде тіпті үшеу. Банктан бізге, мысалы, 12 миллионға берген ақшаны, ал банкте мүлдем басқалай.

Былықтың беті қайтара саудаланған кезде ашылыпты. Ақшасын төлеп пәтер алғандар сол мекенжайға келсе, басқа адамдар тұрып жатыр. Содан кейін басқалары да баспанасын тексерсе, түгелі осылай алаяқтық жолмен саудаланғанын білген.

Бақыт Қырықбаева:

Олар бізге нотариус арқылы сенімхат жазып берді ғой. Міне, бәрі заңды. Нотариус болғаннан кейін, біз, бәріміз сендік қой.

Қоныс тойын тойлап, кейбірі тіпті пәтеріне жөндеу жасап, жаңа жиһаз алып үлгерген. Пәтер жалдаудан енді құтылдым дегенде, тағы да баспанасыз қалу қаупі төніп тұр. 

«Алаяқтарға оңбай алдандық» деген тұрғындар кез келген уақытта далада қалуы мүмкін. Өйткені қолында құжат жоқ. Қазір ол пәтерлердің бәрі бұғатталған. Жылусыз, жарықсыз қалмас үшін коммуналдық қарызын ғана төлеп тұрып жатыр.

Сөйтсе, жұртты алдап-арбаумен тұтас қылмыстық топ айналысыпты. Полиция біреудің мүлкін біреуге емес, бірнеше адамға сатып, оңай олжаға кенелгендерді ұстаған. 

Әлия Біләлова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

Целиноград ауданының полиция бөлімі алақтықпен пәтер сату фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша 51 адам жәбірленуші деп танылды. Күдікті ретінде алты адам. Оның төртеуі қамалды. 

Тұрғындармен тікелей байланыста болып жалған сауданы қыздырған әйелдердің бірі жақында о дүниелік болыпты. Енді бірі емізулі сәбиі болғаны үшін қолхатпен жіберілген. Ал пәтерлердің кімге қалатынын сот шешеді. Оның өзі біраз уақытқа созылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.