{metadescription}
Шымкентте адам өлтірген бес қаскөйдің екеуі Ресейде ұсталды
Шымкентте адам өлтірген бес қаскөйдің екеуі Ресейде ұсталды

Шымкентте адам өлтірген бес қаскөйдің екеуі Ресейде ұсталды

Мәскеу маңында бас сауғалап жүрген жерінен табылды. Шымкентте адам өлтірген бес қаскөйдің екеуі Ресейде ұсталып, елге жеткізілді. 

Күдіктілер екі жыл бұрын тапанша, сым темір мен таяқпен қаруланып, бұрыннан жеке бас араздығы бар адамның үйіне түнделетіп барады. Терезесін шағып кіріп, жәбірленушіні аяусыз ұрып-соғып, үй ішінде болған басқа адамдарға да күш көрсеткен екен. Ауыр жарақат алған азамат жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Ал қашып кеткендердің екеуі бірден қолға түссе, үшіншісі өткен жылы шетелде ұсталған. Олар қазір жазасын өтеп жатыр. Қалған екі күдікті елге экстрадицияланды.

Әсел Беркалиева, Бас прокуратура өкілі:

2024 жылдың мамырында сыбайластарының бірі көршілес елден экстрадицияланып, сотталды. Қалған екі іздеудегі күдікті өткен жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі таңда күдіктілер тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс жасағаны үшін оларға 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осылайша, аталған қылмыстарға қатысы бар барлығы әшкереленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде