{metadescription}
Мопедтер мемлекеттік тіркеуге алына бастады
Мопедтер мемлекеттік тіркеуге алына бастады

Мопедтер мемлекеттік тіркеуге алына бастады

Мопедтер де мемлекеттік тіркеуге алына бастады. Алматыда қос дөңгелекті көлік құралы алғаш рет ресми түрде тіркелді. Мопед жүргізушісі темір тұлпарының техникалық төлқұжаты мен мемлекеттік тіркеу номерін алды.

Мопед иесі Ахан Сахратов. Алматы тұрғыны мопедшілерді 5 сәуірге дейін темір тұлпарларын заңдастыруға және құжаттарын реттеуге шақырды.

Еске салайық, заң 11 қаңтардан бастап күшіне енген. Жүргізушілерге мопедін тіркеу үшін арнайы құжаттар тізімі ұсынылған. Тіпті көлік құралының жақтауындағы сәйкестендіру нөмірі болмаса да, оны тіркеуге болады дейді полицейлер. Бұл процесс арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізіледі. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедпен жүру және арнайы жүргізуші куәлігінің болмауы заң бұзуға жатады.

Айдын Меркімбаев, Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасы процессинг орталығының басшысы:

2024 жылы «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген түзетулердің негізгі мақсаты – мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушысы және оларға барлық заң талабы қолданылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде