{metadescription}
Солтүстік өңірде көлікті бес минут қыздыру — жеткілікті
Солтүстік өңірде көлікті бес минут қыздыру — жеткілікті

Солтүстік өңірде көлікті бес минут қыздыру — жеткілікті

Көлікті бес минут қыздыру солтүстіктегі өңірлер үшін де жеткілікті. Одан артық оталып тұрсаса — қоршаған ортаға зиян, жанармай да көп шығындалады дейді экология министрі Ерлан Нысанбаев.

Ерлан Нысанбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі:

Әрине, экология тұрғысынан алғанда, көлікті бес минуттан артық қыздыру қоршаған ортаға зиян дегенді қолдаймын. Меніңше, көлікті от алдырғаннан кейін бес минут қыздырып тұру кез келген көлікке жеткілікті. Тіпті солтүстік өңірдің өзінде, қыста осынша уақытта қыздырып алып жүре беруге болады.

Бұл норма айыппұл салып, бюджетке түсімді көбейтуді көздемейді. Жалпы біз мәселені барынша, жан-жақты қарастырып жатырмыз,-дейді министр. Ведомства басшысының айтуынша, Алматы қаласының кіреберістеріне 19 экологиялық бекет қойылған. Астана мен Алматының өзінде ғана 600-700 мыңдай көлік тіркелген болса, облыстардан кіретін техника саны 400 мыңнан асады. Соның бәрі экологиялық тұрғыдан қарағанда, қозғалтқышы бостан-босқа жұмыс істеп тұрған машина, әрине, қоршаған ортаны ластайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде