{metadescription}
Маңғыстау облысы: Ақшұқырда 15 жастағы баланы ит талап тастады
Маңғыстау облысы: Ақшұқырда 15 жастағы баланы ит талап тастады

Маңғыстау облысы: Ақшұқырда 15 жастағы баланы ит талап тастады

Маңғыстау облысының Ақшұқыр ауылында 15 жастағы баланы ит талап тастады. Бұралқы иттер оқушының шынтағы мен білегін, қолын тістеп, үсті-басын қанжоса қылған.

Итке таланып жатқан оқушыға ауыл тұрғындары араша түсіп, бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған. Қатты шошынып қалған жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Төрт аяқты мақұлықтың тісі батқанымен, жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер. Ал тәртіп сақшылары адамға шапқан иттің иесін тауып, әкімшілік хаттама толтырыпты. Үй жануарын ұстау ережесін бұзғаны үшін ол 40 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Нұрсұлтан Нұрымов, Маңғыстау облысы балалар ауруханасының дәрігері:

Травматология бөлімінде, стационарға жатқызылады. Жарақаты мен кеткен қанның көлеміне, жалпы жағдайына байланысты стационарлық бөлімінде ем-домын алып жатыр. Науқасқа қан құйылмайды. Тек дәрі-дәрмекпен, антибактериялы және вакцинация, яғни құтыруға қарсы екпе салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде