Экспорттың ұлғаюы картоптың қымбаттауына түрткі болды
Бұдан ары қымбаттатуға негіз жоқ. Ел бойынша картоптың орташа бағасы қазір 320 теңге дейді сауда министрлігінің өкілі. Осы көкөністің шетелге шамадан тыс, яғни бір жарым есеге көп сатылуы қымбатшылыққа әкеп соққан. Есесіне, қазір дүкен мен базарларда өзіміздікі емес — Өзбекстан мен Ираннан жеткізілген өнім сатылып жатыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
21.01.2025
Ернұр Жәутікбаев, Сауда және интеграция министрлігі, сауда комитеті төрағасының орынбасары:
— Ең бастысы, бүгінде картоп бағасының өсуіне алып келген себептердің бірі — бүгінгі күні экспорт өте үлкен, экспорт саны ұлғайып кетті. Мысалы, өткен жылдың, 2023 жылы 400 мыңды құраса, бүгінгі күні 600 мыңдай. Сол себепті тауар өндірушілер өз бағасын өсірді.
Қазақстанда былтыр 2 миллион 900 мың тонна картоп өсірілген. Ал тұтыну мүмкіндігі 1миллион 900 мың тонна. Сондықтан әлі де экспорттау әлеуеті болғанына қарамастан, өнім бағасының күрт қымбаттап кетуіне байланысты сыртқа саудалауды кілт тоқтатуға тура келген. Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейге қазір картоп шығаруға ведомствоаралық комиссия 8i күн бұрын тыйым салды. Ал еліміздің тұрақтандыру қорларында қазір 62 мың тонна картоп бар. Қолда бар қаратүйнек әлеуметтік маңызы бар дүкендер арқылы 130 теңгеге сатылып жатыр,- деді министрлік өкілі. Сондай-ақ картоп өсіретін Павлодар, Қарағанды сияқты өңірлерде шаруалар оның келісін 320 теңгеге дейін көтеріп жіберген. Аймақтардан Астанаға жеткізу үшін тасымалдау құны мен сатушы пайдасын қоса алғанда, әрине, қымбатқа түседі деп түсіндірді комитет басшысы.
Назгүл Қатепова, Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры:
— Жалпы айтқанда, иә, Қытайдан да маусымаралық кезде Өзбекстан мен Иран елдерінен картоп кіреді. Бұл енді ашық сауда. Бұның ішінде айту керек, тұқымдық картоп та бар, Жалпы ең көп импорт көлемі соңғы 10-15 жылда 55 мыңнан жоғарылаған емес. Яғни ,біздің ішкі тұтынуда картоп үлесі өте төмен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!