{metadescription}
0:000:00
Алматы: Балаларға күйген картоп жегізген балабақша қызметкерлері сөгіс алды

Алматы: Балаларға күйген картоп жегізген балабақша қызметкерлері сөгіс алды

Алматыдағы мемлекеттік балабақшада балалардың күйіп кеткен картоп жеуіне жол бергендер оңай жазамен құтылды. Жеуге жарамсыз асты кішкентайларға ұсынғаны үшін №166 балабақшаның меңгерушісіне сөгіс жарияланған. Басшыдан бөлек, мекеменің тағы үш қызметкері осындай жазаға тартылыпты. 

Алматы қаласының білім басқармасы:

Балабақша қызметін, соның ішінде тамақтандыруды, тексеру қорытындысы бойынша Алматы қаласының білім басқармасына қарасты №166 балабақша меңгерушісіне өз міндетіне немқұрай қарағаны үшін сөгіс жарияланды. Аспаз, тамақ сапасын тексеретін мейірбике және тәрбиеші өз міндетін орындауда жауапсыздық танытқаны үшін сөгіс алды.

Еске салсақ, өткен аптада балабақша тәрбиеленушілеріне қап-қара болып күйіп кеткен картоп бергенін бір ана байқап қалып, суретке түсіріп алған болатын. «Қара фри жедік» деген ұл-қыздар осыдан соң өзін жайсыз сезініпті. Бірі құсып, енді бірінің іші ауырды дейді ата-аналар. Олар балабақша асханасынан күйген тамақтың иісін жиі сезетінін де айтты. Содан болса керек, кейбір бала астан бас тартып, үйіне аш қайтып жүрген. Осыдан соң баласының денсаулығына алаңдаған жұрт шу шығарып, мемлекеттік мекемеде тексеріс басталған-ды. Оның қорытындысын Білім басқармасы жариялаған жоқ. Тек кінәлілердің қандай жаза арқалағанын мәлімдеді. Негізі, қуырылған тағам балабақша мәзірінде мүлдем болмауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде