{metadescription}
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ ұсталды
Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ ұсталды

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен қылмыстық топ ұсталды. Олар қаладағы мейрамхана иелерін криминалитет өкілдерінен құралған күзет қызметін енгізуге күштеп көндірген.

«Кәсіпкерлердің қауіпсіздігіне жауап береміз» деп, олардан ақша бопсалапты. Былтыр 30 шақты адамнан тұратын топ жергілікті караоке-барға баса-көктеп кіріп, иесі мен күзетшілерін соққыға жыққан. Қазір полицейлер күдіктілердің тек алтауын қамауға алды. Тінткен кезде тағы 20 адамнан пышақ пен тапаншалар тәркіленген. Бұл жағдайға қатысты бұзақылық және өз бетінше билік ету баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.

Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде, Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ресми емес жұмыскерлері қылмыстық ортаның өкілдері болған күзет кәсіпорнының құқыққа қарсы қызметін жойды. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.