{metadescription}
Республикашыл Трамп Қазақстанмен қандай байланыс орнатуға мүдделі?
Республикашыл Трамп Қазақстанмен қандай байланыс орнатуға мүдделі?

Республикашыл Трамп Қазақстанмен қандай байланыс орнатуға мүдделі?

Республикашыл Трамп Қазақстанмен қандай байланыс орнатуға мүдделі? Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Әлкей Марғұланұлының пікірінше, жаңа президент үшін біздің еліміздің энергетика, көлік-логистика дәліздерінің дамуы, Орталық Азия мемлекеттерінің саяси егемендігі және әрқайсысының территориялық тұтастығы маңызды.

Бұл ретте отандық сарапшылар Трамп бітімгершілікті алға қояды деп есептейді. Әлкей Марғұланұлының сөзінше, Америка Байденнің кезіндегідей жаһандық істерге өте тығыз араласуын қояды. Яғни Трамп сияқты республикашыл президенттің сыртқы саясаттағы негізгі қадамдары АҚШ-қа тек қаржылай пайда әкелуге бағыттылмақ. Сондықтан оның жоғарыда аталған және өзге де бастамалары Американың ішкі саясатына қатысты дейді сарапшы. 47-президент біздің құрлықтағы геосаяси мәселелер реттеліп, экономика, энергетика, көлік-логистика дәліздерін дамытуға мүдделі деген болжамымен бөлісті.

Әлкей Марғұланұлы, Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы:

Ол қазір бізге,ТМД елдеріне, біздің материкке қатысты саясатқа, Украина жағдайына қатысты, ол көбіне бітімгершілік саясатты ұстанып отыр. Халықаралық дәрежеде ол трансұлттық корпорациялардың мүддесімен санасатын болады. Себебі, РФ болсын, ҚХР болсын, бұл мемлекеттермен Трамптың ең негізгі айтып отырған мәселесі сауда соғысы, яғни, экономикалық мүддені, бұл жерде саясат көбіне екінші орынға кетіп, бірінші орынға сауда мәселесі, пайда мәселесі және де америкалық тауардың жаһандық нарыққа құқығын қорғап шығуын одан әрі тереңдетуге бағытталған үкімдерді шығарып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде