{metadescription}
Түркияның Карталкая курортында қонақ үй өртеніп, он адам қаза тапты
Түркияның Карталкая курортында қонақ үй өртеніп, он адам қаза тапты

Түркияның Карталкая курортында қонақ үй өртеніп, он адам қаза тапты

Түркияның Карталкая тау-шаңғы курортында қонақ үй өртеніп, он адам қаза тауып, 32 адам жарақат алған. 240-қа жуық демалушылар эвакуацияланды.

Өрт түнгі сағат үш жарымда тұтанған. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, от 12 қабатты қонақ үйдің төртінші қабатындағы мейрамханадан шығыпты. Қызыл жалын ілезде күш алып, жоғарғы қабаттарға тараған. Сырты ағашпен қапталған ғимаратты түгелдей өрт шарпыған. Екі адам эвакуация кезінде биіктіктен құлап қайтыс болыпты. Өрт сөндіруге 270-ке жуық маман мен тікұшақтар жұмылдырылды. Әзірге қызыл жалынның нақты не себептен шыққаны белгісіз. Төтенше оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде