{metadescription}
Алматыда 15 бақылау камерасын ұрлаған жігіт ұсталды
Алматыда 15 бақылау камерасын ұрлаған жігіт ұсталды

Алматыда 15 бақылау камерасын ұрлаған жігіт ұсталды

Көшедегі камераларды ұрлаған. Алматыдағы 15 бақылау камерасын жоқ қылған жігіт ұсталды. 35 жастағы азамат бейнежазба жүргізетін техниканы металл қабылдау пунктіне тапсырып жіберіпті.

Ол тапа-тал түсте қиылыстарда тұрған бағанға техникалық қызмет көрсететін маманның күртешесін киіп шығып, елдің күдігін туғызбаған. Асықпай, камераларды сымнан ажыратып, жүйелі блогымен көтеріп кетіп отырған. Қала мүлкін тонаумен айналысқан Алматы облысының тұрғыны қазір қамауда. Оның осындай төрт қылмысқа қатысы бар көрінеді. Енді ол кемі үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Алматыда бейнежүйелерді істен шығарған ер адам ұсталды. Бейнежүйенің сервер блоктарынан кабель ұрлады деген күдікпен Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұрлаған заттарын металл қабылдау пунктіне тапсырған. Талдау жүргізілді, бейнебақылау камераларының мәліметі зерттелді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде