{metadescription}
«Антициклон келе жатыр». Күн райы күрт бұзылып, жолдар жабылуда
«Антициклон келе жатыр». Күн райы күрт бұзылып, жолдар жабылуда

«Антициклон келе жатыр». Күн райы күрт бұзылып, жолдар жабылуда

Еліміздің бірнеше өңірінде күн райы күрт бұзылып, жолдар жабылып жатыр. Қостанай облысында ақтүтек боранға байланысты екі күнге төтенше жағдай жарияланды. Шығыс Қазақстанда көктайғақ пен бораннан жолдар жабылып, қар құрсауында қалғандар құтқарылуда. Ақтөбе мен Ақмола облысындағы күре жолдар да жабылған. Солтүстік өңірлер де ақтүтек боранмен алысып жатыр. Ал Қарағанды облысында боранда автобус аударылып, науқас адамға жедел жәремнің жетуі мұң болды.

Қарағанды облысында таң ата Ботақара кентінен шыққан автобус апатқа түсті. Көктайғақта қатты желге шыдас бермей жолдан шығып бір бүйіріне құлаған. Ішіндегі 17 жолаушының бәрі аман. Полицейлер оларды сол бағытта қатынап жатқан көліктермен үйлеріне жөнелтті. Жалпы Қарағандыдан Астанаға шығатын тас жол кеше түннен бері жабық тұр. Қарағаныдан мыңнан аса көлік Балқаш пен Астанаға шыға алмай қалды.

Бүгін, 21 қаңтар 2025 жыл, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Қарағанды Астана тас жолы жабылды. 

Қазір Қарағандыда шығатын екі республикалық және төрт облыстық деңгейдегі тас жолдар жабық. Соңғы екі күнде төтеншеліктер қар құрсауында қалған 15 адамды құтқарды.

Шымкенттен Астанаға бара жатқан екі автобустағы 52 жолаушы Теміртаудың жылыту пунктерін паналады. Құтқарушылар Атамекен ауылы маңындағы қыстақтан науқас әйелді жедел жәрдем көлігіне дейін жол талғамайтын техникамен әкелді. 

Шығыс Қазақстан облысын ақ түтек боран қыспаққа алуда. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетті. Қазір құбылмалы ауа райына байланысты өңірдегі бірқатар күре жол жабылды. Ал құтқарушылар қар құрсауында қалған екі жүк көлігінің жүргізушілерін құтқарды. Ресейден Қазақстанға бет алғандар дауылды ескертуді елемеген.

Ақтөбе облысында да бораннан көлік қатынасы тоқтады. Халықаралық Самара-Шымкент тас жолының өңірден өтетін бөлігі қазір жабық тұр. Жол сақшылары көршілес Қызылордаға қарай көлік жібермейді. Себебі, бораннан қарға адым жер көрінбейді. Батыста бірер күн боран болып, артынан аяз күшейеді деп күтілуде. Ал Қостанай облысында ақтүтек боран күшіне әбден мінген. Сондықтан әзірге екі күнге төтенше жағдай жарияланды. Бес бағыттағы тас жолдар жабық.

Самат Қожықов, Қостанай облысы ПД патруль полиция полкінің инспекторы: 

Өңірде 100-ден аса патруль полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр. Жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауды және ТЖД нен келетін хабарламаларға назар аударуларын сұраймыз.

Ақмола облысында 42 жол жол жабылып, 16 блок-пост қойылған. Кептелістерде 600-ден астам жүк көлігі мен 350-ден астам жеңіл көлік тұр. Төтеншеліктер тұралағандардың жағдайын жасадық деп жар салғанымен, кептелісте тұрғандар оны жоққа шығаруда. 

Алматыда ертеңнен бастап екі күн бойы толассыз қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы 17 градусқа дейін төмендейді. Синоптиктер қалың қар мен бораннан кейін суық антициклон елдің бар өңіріне келеді деп болжауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде