Министрлік картоптың қымбаттауына делдалдарды кінәлады
Картоп бағасының өсуіне сауда министрлігі делдалдарды кінәлады. Ойдан баға жасаған да сол алыпсатарлар екен. Министрлік әлеуметтік маңызы бар тауар саудасында көптеген заңбұзушылықты анықтаған. Негізі — картоп бағасын өсіруге еш негіз болмаған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.01.2025
Ернұр Жәутікбаев, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Сауда комитеті төрағасының орынбасары
— Министрлікпен картоп бағасын тұрақтандыру жүргізіліп жатыр. Өңірлерді тергеп-тексеруде 20 отырыс өткізіоіп, 49 заң бұзушылық тіркелді. Өңірдік сауда департаменттері сапалы, сәйкес жұмыс жүргізіп жатыр.
Минстрлік делдалдарды шетінен жауапқа тартпақшы. Тек одан баға түсе ме, жоқ па, ол белгісіз. Белгілісі, қазір нарыққа тұрақтандыру қорларынан картоп шығарылып жатыр. Қоймаларда өнім жеткілікті дейді жауаптылар. Оған қоса бағаны тұрақтандыру үшін Үкімет картоп экспортына да уақытша шектеу қойған болатын. Өйткені өнімнің көбі шетелге, әсіресе Өзбекстанға шығарылып, бағаның өсуіне ол да әсер етіпті.
Жаңа жылдан кейін қоймалар ұзақ демалыс алып, мұны пайдаланған алыпсатарлар бағаны шарықтатып жіберген деп санайды ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.
Еске салсақ, өткен аптадан бастап өңірлерде картоп құны шарықтап, келісі 400-450 теңгеге дейін жеткен болатын.
Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
— Жергілікті әкімдер барлық сауда жүйелерімен жұмыс істеп, пысықтап, осының бәрін анықтап, қалай болғанын, бүгінгі күні баға тұрақтанды. Болды! Бағаның өсуіне ешқандай да қауіп жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!