{metadescription}
Депутаттар ЛГБТ-ны қолдап, ақпараттық шабуыл ұйымдастырғандарды жазалауды талап етті
Депутаттар ЛГБТ-ны қолдап, ақпараттық шабуыл ұйымдастырғандарды жазалауды талап етті

Депутаттар ЛГБТ-ны қолдап, ақпараттық шабуыл ұйымдастырғандарды жазалауды талап етті

"Қызтекелерге Дональд көкеден сәлем". Парламент депутаттары ЛГБТ-ны қолдап, ақпараттық шабуыл ұйымдастырғандардың ізін кесіп, жазалауды талап етті.

«Депутат сауалын жолдаймын» деп сөз алған Еділ Жаңбыршин, ЛГБТ-ның әлдеқашан қанат жайып кеткенін ашына айтты. Депутат болғалы ол осы мәселені көтересе болды, ықпалды топтар доқ көрсетіп, мәселенің жетер жеріне жетуіне кедергі жасайды екен.

АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі кешегі ұлықтау рәсімінде Құрама Штаттарда тек екі жыныстың ресми барын мәлімдегені, депутаттың қоғамның «сыздауығын» тағы бір ашып көрсетуге негіз болған. Яғни Америкада заң жүзінде енді тек ер мен әйел жынысы шегеленіп, анық жазылды. Сондықтан мұнда қандай да бір қос жыныстыларды насихаттайтын мейрам, іс-шара ұйымдастыруға шектеу қойылмақ.

Депутат Жаңбыршин де біздегі табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарды анықтап, о баста қаржыландыру жұмыстарымен кімдердің айналысқанын анықтауды құзырлы органдардан талап етті. 

Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:

АҚШ-та ер мен әйел жынысы заңмен шегеленді. Бұл  ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз. Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбесінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста барлық қызтекелерге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде