Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды
Кісі қолынан қаза тапқан талғарлық жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Қазір іс материалдарымен тараптар танысып жатыр. Қайғылы оқиғаны тергеу үш айдан аса уақытқа созылған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
22.01.2025
Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі:
– Қазір тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру жүріп жатыр. Танысқаннан кейін қылмыстық іс заңдылығын тексеру және оны сотқа жіберу туралы шешім қабылдау үшін прокурорға жолданады.
Қанды қылмыс өткен жылдың қазан айында Талғар қаласында болды. Азық-түлік дүкенінде сатып алушы мен 10-сынып оқушысының арасында кикілжің туып, арты төбелеске ұласқан. Ақыры 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты. Бастапқыда Шерзаттың өліміне қатысты 7 адам қамауға алынған. Кейін күдікті саны 11 адамға артты. Оның сегізіне «қасақана кісі өлтірді» және үшеуіне «қылмыс туралы хабарламады» деген айып тағылғаны айтылды. Қоғам назарын аудартқан қылмыстық іс бас прокурордың бақылауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!