{metadescription}
Маңғыстау: Оқушылар уланған мектептің асханасы жалған құжатпен жұмыс істеген
Маңғыстау: Оқушылар уланған мектептің асханасы жалған құжатпен жұмыс істеген

Маңғыстау: Оқушылар уланған мектептің асханасы жалған құжатпен жұмыс істеген

Маңғыстаудағы оқушылар жаппай уланған мектептің асхана қызметкерлері жалған құжатпен жұмыс істегені анықталды. Бесшоқы ауылындағы төрт аспаз медициналық тексеруден өтпестен, дені сау деген анықтаманы бес мың теңгеге сатып алыпты.

Алайда медициналық құжатта  флюрография, дерматологиялық тексеру және бактериологиялық зерттеуден өткені, сондай-ақ жұмыс істеуге рұқсат берілгені жазылған. Осы жалған медициналық кітапшаны мектеп әкімшілігіне ұсынып, өздері асханада жұмыс істеген. Сондықтан төртеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен қомақты айыппұл арқалады.

Еске салсақ, былтыр Бесшоқы ауылында оқушылар жаппай астан уланып, жүзге жуығы ауруханаға жатқызылған. Осыдан кейін еліміздің барлық білім беру ұйымдарындағы асханалар жаппай тексерістен өткізілді. Ал балалардың улану дерегі бойынша тексеріс жүргізген арнайы комиссия асханадағы азық-түлік пен ыдыс-аяқтан стафилококк бактерияларын тапқан еді.

Ерсін Қазиев, Мұнайлы ауданы сот әкімшілігінің басшысы:

Барлығы да желтоқсан айында жарияланды, төрт азаматқа қатысты үкімнің. Бір азаматқа 40 айлық есептік көрсеткіші көлемінде айыппұл жазасы тағайындалып,  қалған үш азаматқа 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.  Қазір сот үкімі заңды күшіне енді. Медициналық құжаттарының жалған екені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде