{metadescription}
«Қарны тоқ, жүлде — жоқ». Спорт клубтары қыруар қаржының есебін беруге тиіс
«Қарны тоқ, жүлде — жоқ». Спорт клубтары қыруар қаржының есебін беруге тиіс

«Қарны тоқ, жүлде — жоқ». Спорт клубтары қыруар қаржының есебін беруге тиіс

Спорт клубтары жұмсалған миллиардтардың есебін беруге тиіс. Қазақстан аталмыш салаға қаржы бөлуден талай елді басып озса да, жүлделі орын тым аз. «Мұның бәрі бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалуынан» - дейді депутаттар. Қазынадан миллиардтап ақша алған клубтардың тіпті өзіне тиесілі инфрақұрылымы да жоқ екен. Есесіне, алаңдарды жалға алудан ақша аямаған.

Нартай Сәрсенғалиев, Мәжіліс депутаты:

Мемлекет тарапынан соңғы алты жылда 49 миллиард теңге алған «Барыс» хоккей клубы мен, соңғы алты жылда 50 млрд теңге алған «Астана» футбол клубы сынды командалардың әр тиынға есеп беруі керек. Осынша ақша алғанына қарамастан, аталған командалардың өз инфрақұрылымы да жоқ, салмаған да. Бір ғана «Астана» футбол клубы алты жыл ішінде тек футбол алаңдары мен ғимаратты жалға алуға 1,4 миллиард теңге жұмсаған.

Депутаттың есебінше, былтыр еліміздегі 13 футбол клубын қаржыландыруға 27 миллиард 300 миллион теңге жұмсалыпты. Соңғы алты жылда жалпы спорт саласын қаржыландыруға, шамамен 1 триллион 400 миллиард теңге бөлінген. Ал биыл және алдағы екі жылда тағы 1 триллион 300 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Спортшыларға ақша бөлуден Қазақстан, Орта Азия елдерін айтпағанда, тіпті Канада, Нидерланды мен Норвегияны басып озыпты. Соған қарамастан әлемдік спорт рейтингінде құлдырап барамыз дейді депутат. Мәселен, 2014 жылы еліміз 25-орында болса, 2023 жылы 42-орынға түсіп қалған. Нартай Сәрсенғалиев спорттағы есепсіз ақшаның жолын Мәжілісте қаралып жатқан «Спорт туралы» заң жобасы кеседі деген сенімде. Оған сәйкес, енді жоғары жетістіктер спортына - Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада, Азия, Паразия және ұлттық спорт түрлері ғана енеді. Сөйтіп, осыған дейін жоғары жетістіктер спорты ретінде тіркелген 180-нен аса спорт түрі үш есеге қысқартылмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.