{metadescription}
Ақтөбеде хоккей және шорт-трекпен шұғылданып жүрген балалар үйірмесіз қалды
Ақтөбеде хоккей және шорт-трекпен шұғылданып жүрген балалар үйірмесіз қалды

Ақтөбеде хоккей және шорт-трекпен шұғылданып жүрген балалар үйірмесіз қалды

Ақтөбеде хоккей және шорт-трекпен шұғылданып жүрген үш жүзден аса бала үйірмесіз қалды. Себебі: жаттығып жүрген мұз сарайы жабылып қалған. Ең қызығы, жыл сайын осы уақытта мұз жарылып, қыста оқушылар спорттан шеттетіледі екен.

Гүлсима Бетеғұлова:

Жарыстарға баруымыз керек. бізге нәтиже керек. Мында еш нәтиже жоқ. Бізде жыл сайын мұз аз беріледі. Мұз жоқ, сына береді. Неге екенін білмеймін. Қыс мезлігінде, түсінбеймін.

Кезінде мұз айдыны бар ғимарат демеушілердің көмегімен салынып, жасөспірімдер мен балалардың спорт мектебіне берілген еді. Кешен тек хоккейге арналған. Бірақ осында шорт-трек және мәнерлеп сырғанау бойынша үйірмелер бар. Жақында чемпионаттар мен кубок жарыстары өтуі тиіс. Бірақ ақтөбелік жас спортшылардың қатысуы неғайбыл. Спорт мектебі басшыларының айтуынша, мұз қатыруға арналған қондырғы істен шығыпты. Енді қашан жөнделетіні белгісіз. Сондықтан балалар тек дене жаттығуымен ғана айналысып жүр. Ең болмаса, коньки тебуге жарап қалар деген үмітпен кешен ауласына мұз айдынын қолдан құямыз деп шешкен. 

Ақмарал Қарымсаққызы, спорт мектебі директорының орынбасары:

Қондырғы қосылмай тұр. Басқа да жүйесінің іске қосылмауына байланысты. Оған дейін біз есігіміздің алдына мұз құюды бастап кеттік. Бүгін кешке құямыз деген үміттеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде