{metadescription}
Абақтыларды уысында ұстаған қылмыстық топтар құрықталды
Абақтыларды уысында ұстаған қылмыстық топтар құрықталды

Абақтыларды уысында ұстаған қылмыстық топтар құрықталды

Есірткіні ең күшті жерде саудалаған. Ішкі істер министрлігі ел абақтыларын уысында ұстаған қылмыстық топтарды құрықтады. Ауқымды операция 10 облыста қатар жүргізіліп, қолына кісен салынғандардың да қарасы көп.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Жалпы іс-шара қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды. Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болған. Жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.

Түрме жағалап, жазасын өтеп жатқандарға есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысты деген күдікпен 118 адам ұсталған. Оның ішінде қылмыстық ортаның 13 серкесі бар дейді полицейлер. Бірнешеуі дұрын да талай қылмыс жасап, түрмеден-түрмеге түсіп жүргендер. Ауқымды жедел шара кезінде жүзден аса тінту жүргізілген. Ол бекер емес. Өйткені мұздай қаруланған топтардан үш Калашников автоматы, травматикалық тапаншалар, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 келіден астап есірткі, мобильді құрылғылар және түпнұсқасынан айыру қиын құжаттар тәркіленген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде