{metadescription}
Алматыда жастар жиі жүретін жерлерден есірткі жарнамасы жойылды
Алматыда жастар жиі жүретін жерлерден есірткі жарнамасы жойылды

Алматыда жастар жиі жүретін жерлерден есірткі жарнамасы жойылды

Алматыда жастар жиі жүретін жерлерден есірткі жарнамасы жойылды. Түрксіб аудандық полиция департаменті мен Жастар саясаты басқармасы бірлесіп, қабырғалардағы күмәнді граффити жазбаларды өшірді.

Мұратхан Тауасар, Түрксіб ауданы комьюнити орталығының жетекшісі:

Біз айына екі-үш рет шығамыз және волонтерлер осындай есірткі жарнамаларын өздері көріп қалса, соларды түсіріп жібереді. Полиция қызметкерлеріне өз еркімен көмектеседі. Жыл басынан бері Түрксіб ауданында бүгінмен үшінші мәрте шығып отырмыз. 200-ге жуық есірткі жарнамасын өшірдік. Қазір бізде бес топқа бөлініп кетті. Жиырмаға жуық ерікті полиция қызметкерлерімен қосылып, бүгін кешке дейін Түркісіб ауданының барлық жерін  қамтиды.

Жыл басынан бері Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері осы сынды үш мыңға жуық жарнаманы сырлады.» Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында жүргізілген шара нашақорлықпен күреске бағытталған.

Еске салайық граффити жазу қалдырғандармен есірткі сату туралы мәлеметті интернетте таратқандарға алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Зиянды зат насихаттайтын жазулар әдетте тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттардың қабырғаларында, сондай-ақ аялдамаларда кездеседі.

Дәурен Көбеев, Алматы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

Нақты полиция қызметкерлерімен күнделікті осындай акция жүргізіледі. Біздің анализ ретінде жасаған кезде, көбінесе адам көп жүретін жерде, аялдамаларда, аулада  болуы мүмкін. Алматы қаласының шеңберінде көбінесе болады. ҚР ҚК 299-шы  бабы 1-тармақшасымен, бір жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде