Сот басталды: Ақтөбеде танысын өлтіріп, оның денесін тоңазытқышта сақтаған
Ақтөбеде танысының денесін бөлшектеп, басы мен ішкі құрылысын тоңазытқышта сақтаған қос азаматқа қатысты сот басталды. Олардың жауыздығынан жақындары да тітіркеніп отыр. Тіпті бірінің анасы баласынан безініп, оның бұрын да осындай сұмдыққа барғанын айтады.
Автор: Жаңалық Ахаш
23.01.2025
Қанды оқиға күзде Хромтау қаласында болған. Қылмыскерлердің айуандығын сол кезде естіген жерлестері шошынып қалған. Алғашқы сот отырысына екі сотталушы келмеді. Олар сотқа абақтыдан онлайн қатысты. Айыптау актісін оқыған кезде залда болғандардың төбе шашы тік тұрды.
Екі соталушы пышақтап өлтірген адаммен бірге арақ ішеді. Бәрі бұрын істі болып, түрмеге отырып шыққандар. Өлі денені кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған, ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазтқышқа сақтап қойған.
Жанар Қабдышева, мемлекеттік айыптаушы:
— Сотталушы Панаскин мас күйде танысымен сөзге келіп, ішіне пышақ тығып алады. Марқұм сол жерде қайтыс болған. Лукин ас үйден өлі денені жуынатын бөлмеге апарған. Сол жерде дене мүшелерін кескілеп, бөлшектеп, сөмкеге салып, қылмыстың ізін жасыру мақсатында Хромтау қаласының шетіндегі карьерге апарып лақтырған.
Роцеске сотталушылардың жары мен бірінің анасы келді. 40 жастағы Михаил Лукиннің шешесі ұлынан безініп, оның қандықол қылмыскер екенін айтып отыр. Оның ұлы қылмыстың ізін жасырмақ болғаны үшін айыпталуда. Өзге тұрмақ, бұрын өз анасының саусақтарын кесіпті. Сексенге таяған кейуана тергеушілермен бірге ұлының пәтерін тінту кезінде «көрген нәрселерден жүрегім тоқтап қала жаздады» дейді.
Любовь Лукина, сотталушының анасы:
— Ұлыма үш бөлмелі пәтерімді тастап, қызымының үйіне көшіп кеткен едім. Ол маған күн бермеді. Тергеуші сол пәтердің кілтін ашып беруді сұрады. Бірге барып қарағанда сұмдыққа тап болдық. Тоңазтқышты ашқан тергеушінің көзі шарасынан шығып кете жаздады. «Әже, сіз қарамаңыз» деді. Ол басқа бөлмеге кеткенде, тоңазқышты ашып қарағанда талып қала жаздадым. Ішінде табақ толы адамның ішкі құрылысы. Кесілген бас та сонда сақтаулы екен. Айтатыны жоқ, сұмдық!
Танысына пышақ сұққан Константин Панаскин 37 жаста. Досы Михаилмен бірге сотта істі алқа билер қарасын деп отыр. Судья да олардың өтініш құп алды. Ендігі процесс екі аптадан соң болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!