{metadescription}
«Бұрын-соңды болмаған». Бір жылда картоп 57,8 пайызға қымбаттаған
«Бұрын-соңды болмаған». Бір жылда картоп 57,8 пайызға қымбаттаған

«Бұрын-соңды болмаған». Бір жылда картоп 57,8 пайызға қымбаттаған

Елімізде картоп бағасы бір аптада сегіз пайызға өскен. Жалпы халық жиі тұтынатын көкөніс құнының шарықтауы бір жылда 57,8 пайызға жетіпті. Ұлттық статистика бюросы бұл бұрын-соңды болмаған жағдай деп отыр.

Бағаның өсуі әлеуметтік азық-түлік өнімдерінің бәрінде байқалады. Әйтсе де мөлшері бір пайыз төңірегінде. Ал картоп, әсіресе Орал қаласында қатты қымбаттаған. Бір апта бұрын мұнда картоп 23 пайызға арзан болыпты.

Астана мен Ақтөбеде картоп бағасы 17-18 пайызға дейін көтерілген. Мамандар кейбір өңірде әлеуметтік маңызы бар өнімнің бағасы сол күйінде қалғанын айтады. Ішкі сұранысты өзі қамтып отырған Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарында баға бәз қалпында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде