{metadescription}
Экспорт шектеуі және қорлардан бөлу — картоп бағасына әсер етпей отыр
Экспорт шектеуі және қорлардан бөлу — картоп бағасына әсер етпей отыр

Экспорт шектеуі және қорлардан бөлу — картоп бағасына әсер етпей отыр

Картоп қат тауарға айналғандықтан, қазір Астанадағы сауда орындарында кісі басына бес келіден артық сатылмайды. Картоптың жайы бүгін Сенатта да сөз болды. Депутаттар қымбатшылық себебін анықтауды талап етіп отыр. Тіпті бақшадан базарға дейінгі шығынды тексеру керек дейді.

Евгений Больгерт, Сенат депутаты:

Меніңше, картоп сатылымға шыққанға дейін бірнеше қолдан өтті ғой. Нақты қай жерде, не үшін қымбаттап кетті, соны анықтау керек. Мәселен, өндірушінің картоп өсірудегі шығынын анықтау қиын емес. Бұның енді нақты жауабын тиісті мекемелер анықтап беретін шығар.

Сауда министрлігі күні кеше «баға тұрақталды» дегенімен, Астананың сауда орындарындағы жағдай мүлдем басқа. Келісі 450 теңгеге дейін көтерілген. Ең арзаны 370-380 теңге шамасында. Оның үстіне шектеу бар. Яғни елордада енді бір адам бес келіден артық сатып ала алмайды.

Жалпы ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру үшін Үкімет картоп экспортына да шектеу қойған. Тұрақтандыру қорларынан әлеуметтік дүкендерге шығарылған картоптың орташа бағасы 280 теңгеге, кей жерде 185 теңгеге дейін төмендеді деген еді жауапты министрлік. Бірақ қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтануына әсер етпеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде