{metadescription}
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен еркек қамалып, әйелі айыппұл арқалады
Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен еркек қамалып, әйелі айыппұл арқалады

Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен еркек қамалып, әйелі айыппұл арқалады

Көкшетауда дәрігерлерге күш көрсеткен еркекті сот екі тәулікке қамады.  Ал анасы 118 мың теңге көлемінде айыппұл арқалаған.  Олар бірер күн бұрын үш жасар баласының саусағын кесіп тастаған аурухана қызметкерлерін жағадан алып жанжал шығарған болатын. 

Олар үстіне жиһаз құлаған қызының саусақтарын аман алып қалуға болмас па еді деп шүйліккен. Көкшетау соты дәрігерлерді балағаттап жағасынан алған ата-аналарға қатысты үкім шығарды. Олар баланың анасына 30 айылық есептік көрсеткіш, яғни 118 мың теңгедей айыппұл салса, әкесін екі тәулікке қамауға алып, әкімшілік жаза қолданған. Ампутация жасаған дәрігерлердің айтуынша, сүйегі мен еті езіліп, тек терісінде ғана ілініп қалған қыздың саусақтарын қалпына келтіру мүмкін болмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде