«Ақша бопсалау». Алматыда екі блогер, кәсіпкер және тағы бір азамат қамауға алынды
Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды. Қазір ол екеуімен қоса тағы бір кәсіпкер тергеліп жатыр. Барлығы 10 миллион теңге алып жатқан жерінен қолға түсті.
Автор: Шапағат Мырзабекова
23.01.2025
Кейбір ақпарат көзіне сенсек, олар алматылық блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов болуы мүмкін. Екеуі кәсіпкерге «әлеуметтік желіде компромат жариялаймыз» деп қорқытып, 8 миллион теңге сұрапты. Оған қоса, сот шешімі бойынша жәбірленуші басқа бір серіктесіне төлеуі тиіс болған 20 миллион теңгеден де бас тартқызбақшы болған. Қазір екі блогер, кәсіпкер және ақша алу кезінде қасында болған тағы бір азамат қамауда. Полицейлер бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, бұған дейін блогерлердің бірі Дамир Көшеев қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын. Қазір оның парақшасында 31 мыңнан астам оқырман бар. Блогер көбіне даулы бейнеролик жариялайды.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
— Алматы полиция департаментінің қызметкерлері жәбірленуішінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. ҚР ҚПК128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!