{metadescription}
Шымкентте аттракциондар саябағы өртенді
Шымкентте аттракциондар саябағы өртенді

Шымкентте аттракциондар саябағы өртенді

Шымкентте аттракциондар саябағы өртке оранды. Ойын автоматтарынан шыққан жалын жанында тұрған мейрамхананы да шарпыған.

Жарты сағат ішінде екі қабатты мейрамхана мен екі кеңсе де айтарлықтай бүлінді. Өрт таң мезгілінде болған соң. балаларға арналған аттракционда адам болмаған. Алдын ала болжам бойынша, оттың шығуына сымдардың қысқа тұйықталу себеп болған. Оқыс жағдайдың нақты себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Асқар Шәріп, Шымкент ТЖД ресми өкілі: 

Өрт сөндірушілер 230 шаршы метрді құрайтын өртті сөндірді. Өрт сағат 08:13-те оқшауландырылып, 08:30-да толық сөндірілді. Ешкім зардап шекпеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде