{metadescription}
Қатон-Қарағай, Зайсан, Кендірліде әуежай салынады
Қатон-Қарағай, Зайсан, Кендірліде әуежай салынады

Қатон-Қарағай, Зайсан, Кендірліде әуежай салынады

Елімізде бірден үш әуежайдың құрылысы басталмақ. Жаңа нысандар курорттық аймақ санатындағы Қатон-Қарағай, Зайсан мен Кендірліде салынатын болды. Бұл отандық туристерден бөлек, шетелдіктерді де тартуға таптырмас мүмкіндік деп отыр көлік министрлігі.

Сәрсен Жарылғасов, ҚР Көлік министрлігі, азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Ұшу-қону жолағы 2200 метр. Бұл Q400  88 сыйымдылықты 1500-2000 километрге ұшатын ұшақтарға арналған. Бірақ қазір жерді әдейі үлкен қылып, егер болашақта сұраныс өссе, 2600-3000 метр ұшу-қоны жолағын ұзартып, одан кейін басқа елдерден үлкен BOEING, Airbus ұшақтарын қабылдауға болады.

Мемлекет басшысы осыған дейін Қатон-Қарағай, Зайсан мен Кендірлінің екінші тынысын ашып, өңірді дамытуды тапсырған. Жаңа әуежайлардың алғашқы кірпіші биыл жазда қалана бастайды. Әзірге жоба-сметасы дайындалуда. Жауапты сала мамандары әуе тасымалының аясы жыл сайын 10 пайызға кеңейіп жатқанын айтты. Жолаушылар нөпірін одан сайын ұлғайту үшін барлық әуежайлар біртіндеп жөндеуден өткізілуде.

Дайырбек Сүгіралиев, ҚР Көлік министрлігі, азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы:

Алты әуежайда жұмыс аяқталған. Қалған екі әуежайда, Ақтау мен Павлодарда жұмыс биыл жалғасады. 2024 жылда жаңа үш терминал салынған  Алматы, Қызылорда, Шымкент.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде