СҚО: Шал ақын ауданында үй өртеніп, бес адам көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында үй өртеніп, бес адам көз жұмды. Түн ортасында дабыл қағылып, өрт сөндірушілер оқиға орынына жеткенше, жер үй қызыл жалынға оранған.
Автор: Мерген Тоқсанбай
23.01.2025
Бұл 100 шаршы метр үйде бес бала тәрбилеп отырған жалғызбасты әке тұрған. Перзенттерінің анасы бірер жыл бұрын ғана қайтыс болыпты. Өзі ауылдағы шаруа қожалығында жұмыс істеген. Өрт сөндірушілер тілсіз жау жалмап, күлі ғана қалған үйдің орынынан бес адамның денесін шығарды — 40 жастағы әке және оның үш қызы мен бір ұлы.
Ал Петропавлда колледжде оқитын үлкен ұлы сабақта болып аман қалған. Қазір оған психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімдігі марқұмдардың жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсететін болды.
Тимур Әбдіреш, СҚО әкімінің баспасөз хатшысы:
— Кәмелетке толмаған студент енді колледж жатақханасында тегін тұрады. Оған психологиялық көмек көрсетілуде. Материалдық көмек көрсету және оқу ақысын төлеу мәселесі шешіледі. Алдағы уақытта тұрғын үймен қамтамасыз ету жағы қарастырылады. Жақын туыстарына қамқоршылық ресімдеу мәселесі ерекше бақылауда болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!