{metadescription}
СҚО: Төрт баласы мен әкесі үйінде тірідей жанып оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
СҚО: Төрт баласы мен әкесі үйінде тірідей жанып оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

СҚО: Төрт баласы мен әкесі үйінде тірідей жанып оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түн ішінде үйі өртеніп, төрт баласы мен әкесі тірідей жанып кеткен қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  Ал өрттің неден шыққаны жайлы әлі дөп басып айту мүмкін болмай тұр екен.

Бүгін ауыл тұрғындары мен жергілікті әкімдік өкілдері марқұмдардың ертеңгі жерлеу рәсіміне дайындалуда. Көрші-қолаңы ауыл мектебіне қойылған  «қасірет бұрышына» ауыл тұрғындары гүл шоқтары мен сәбилердің тірі кезінде ұнатқан ойыншықтарын апарып жатыр.  Қара жамылған ауыл халқы ішкі күйзелісін осылай білдірген. 

Еске салайық,  Шал ақын ауданы Ступинка ауылында отқа оранған үйдегі көпбалалы отбасын құтқарушылар  мен ауыл тұрғындары қанша тырысқанымен, аман алып қала алмады. 7 -18 жас аралығындағы төрт бала мен 40 жастағы әкесі бақилық болды. Олардың денесін күлге айналған үйіндінің астынан шығарып алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде