{metadescription}
Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала себептері алдағы аптада айтылады
Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала себептері алдағы аптада айтылады

Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала себептері алдағы аптада айтылады

Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала себептері алдағы аптада айтылады. Бұл туралы бүгін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Көлік министрлігінің жанынан құрылған халықаралық сарапшылар тобы қазір қара жәшіктегі дыбыс деректерін қарап, оны ұшақ режиміне сәйкестіндіріп жатыр.

Осыған дейін апатқа ұшыраған «Эмбраердің» қара жәшіктері Бразилияда талданып, нәтижелері Қазақстан тарапына тапсырылған болатын. Қазір қара жәшіктегі дыбыс деректерін еліміздің, Бразилия мен Ресейдің, ICAO-ның сарапшылары қарап жатыр. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мамандар экипаждың қай минутта не айтып, кімнің қандай пәрмен бергенін зерттейді.

Айта кетейік, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған әзірбайжандық AZAL компаниясының жолаушылар ұшағы құлаған болатын. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі бар. Апаттан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Қанат Бозымбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

Сол мәселені, мен оймаймын, келесі аптада бітіретін сияқты түрі бар. ICAO талаптарына сәйкес, бір айдың ішінде алдын ала қорытындыларды жариялау керек. Сол ұсынымдарға сүйенсек, келесі аптада біздің жауапты министрлік тиісті ақпаратты жариялайды..

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде