АЭС құрылысы: Келісім жасалатын компаниялар жазға дейін белгілі болмақ
АЭС-ті кім салатыны маусым айында белгілі болады. Үкімет түрлі компаниямен келіссөзді әлі жүргізіп жатыр. Көптің көкейіндегі сауалға бүгін энергетика вице‑министрі жауап берді.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.01.2025
Сұңғат Есімханов, ҚР Энергетика вице-министрі:
— Біріншіден, бұл мәселе Ұлттық жобаға енбеген. Себебі ұлттық жоба алдағы бес жылға жоспарланған. Енді атом станциясына, өздеріңіз білесіздер, ұзағырақ мерзім керек. Мемлекет басшысының жалпы тапсырыс ыбойынша қазір министрлік жұмыс істеп жатыр. Потенциалды осы вендорлармен тиісті келіссөздер жүріп жатыр. Сондықтан биыл, бірінші жартыжылдықта, мамыр, маусым айларында ақпарат беріледі.
Болашақ мердігерлердің тізімі жасалып, оларға қойылатын талаптар жолданыпты. Қазір олармен кері байланыс орнап, тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз деді вице-министр. Ал нақты қай компаниямен келісім жасалатыны жазға дейін белгілі болып қалмақ.
Негізі АЭС құрылысындағы консорциум аясында төрт елдің компанияларымен келіссөз жүріп жатыр.
Айта кетейік, былтыр қазан айындағы жалпыхалықтық референдумнан кейін елде атом электр станциясы салынатын болып шешілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!