{metadescription}
«Шектеу алынды». Астанадағы сауда нүктелерінде картопқа талас біршама басылды
«Шектеу алынды». Астанадағы сауда нүктелерінде картопқа талас біршама басылды

«Шектеу алынды». Астанадағы сауда нүктелерінде картопқа талас біршама басылды

Астанадағы сауда нүктелерінде картопқа талас біршама басылған. Аяқасты қат тауарға айналған  көкөніс күні кеше кісі басына бес келіден артық сатылмаса, бүгін қаппен әкетуге рұқсат беріліпті. Кассаларда шектеу жайындағы барлық ескертпе тақтайшалар алынып тасталған.

Ірі сауда нүктелері бұны соңғы күндердегі картопқа деген сұраныстың күрт артуымен түсіндіріп отыр. Дәмханалар мен тамақтану орталықтарының иелері бірден 20-30 қаптан тиеп алып кетіпті. Қорды молайтып, отандық картоп өндірушілермен байланысты бір жолға қойдық деген супермаркеттер енді әр азамат картопты қанша алса да "патша көңілі мен қалтасы біледі" деп отыр. Ал бағасына келсек, көкөніс әр жерде әр түрлі бағамен сатылуда. Орташа есеппен 280-300 теңге шамасында.

Таңат Нұрсейітов, сауда орнының жетекші маманы:

Біз картоп алуға уақытша, екі күнге шектеу қойдық. Себебі нарықта үлкен көлемде сатып алушылар болды. Өзіміздің аздаған картошкамызды шектеуге тура келді. Екі күннен соң шектеуді алдық. Бір мөшек мөшек сұраса да береміз. 20 қап, 30 қап сұрады. Олардың көтерме саудадан екенін білдік т,е өзіміз шектеу қойдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде