{metadescription}
Атырау: Тұрғын үй кешенінің тасын қалап жатқан екі жұмысшы биіктен құлап кеткен
Атырау: Тұрғын үй кешенінің тасын қалап жатқан екі жұмысшы биіктен құлап кеткен

Атырау: Тұрғын үй кешенінің тасын қалап жатқан екі жұмысшы биіктен құлап кеткен

Атырауда биіктен құлап мерт болған жұмысшының өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Жаңа тұрғын үй кешенінің тасын қалап жатқан екі жұмысшы бесінші қабаттан құлаған. Оның бірі қаза болып, бірі түрлі дене жарақатымен ауруханада емделіп жатыр.

Мейірім Ердәулет, Атырау облысы ПД ресми өкілі:

Биіктен құлаған 33 және 43 жастағы жұмысшылардың дерегіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 33 жастағы ер адам ауруханада, ал 43 жастағы адам оқиға орында қаза тапқан. Қазір сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, кешенді тергеу жүргізілуде.

Қайғылы оқиға қала орталығыдағы жаңадан салынып жатқан "Думан" тұрғын үй кешенінде болған. Тірі қалған екінші жұмысшының аяғы сыныпты. Қазір науқастың жағдайы тұрақты дейді дәрігерлер.

Еңбек инспекциясы да комиссия құрып, құрылыс жүргізіп жатқан компанияны тексеруге кіріскен. Бұл қайғылы жағдайды фирма өкілдері «жазатайым оқиға» деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.