Астана мен Қосшыда экстремизмді насихаттаған төрт адам ұсталды
Астана мен Қосшы қаласында экстремизмді насихаттаған төрт адам құрықталды. Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура бірлесіп ұстаған. Тінткен кезде үйлерінен жат ағымдағы діни әдебиеттер мен басқа да айғақ заттар тәркіленіпті.
Автор: Мерген Тоқсанбай
24.01.2025
Терроризмді насихаттап, экстремистік әрекеттерге қатысып, оны ұйымдастырды деген күдіктілердің төртуі де Қазақстан азаматы. Олар өз қатарын толықтыру мақсатында адамдарды теріс ағымға өтуге үгіттеген. Қазір оларға қатысты ҚР ҚК үш бірдей бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Экстремисттік топ құрғандар 10 жылға сотталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!