Таразда пәтер кезегін жылжытуды талап еткен азамат өзін өртемек болды
Таразда пәтер кезегін жылжытуды талап еткен азамат өзінің үстіне бензин құйып жағып жіберді. Оқыс оқиға қала әкімінің тұрғындармен кездесу кезінде болған. Ол жиыннан шығып, орта мектеп алдында осындай әрекетке барды.
Автор: Сәбит Әлдебай
24.01.2025
Бұл азамат психикалық диспансерде есепте тұрған. Ол бұған дейін өзіне пәтер беруді сұрап әкімдіктің табалдырығын тоздырған көрінеді. Алайда мамандар оған пәтер кезек реті бойынша беріледі деп түсіндірдік дейді. Бұл жауапқа қанағаттанбаған ол өзін өртеп жібергісі келген. Абырой болғанда, құтқарушылар лезде отты сөндірді. Жеңіл жарақат алған оған медициналық көмек қажет болмапты. Полицейлер мән-жайды анықтау үшін одан жауап алуға әкеткен.
Нұржан Нұралиев, Тараз қаласы, тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
— Ол жігітке оның алына да кезегінің жылжымайтыны туралы тұрғын үй қатынастары бөлімі атынан түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Ол жігіттің бұрын сотталған. Наркодиспансерде есепте тұр. Кезегі — 362. Кезегі тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес, ретімен беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!