{metadescription}
Қарағандыда вандалдар иллюминация мен мерекелік мүсіндерді қиратып жатыр
Қарағандыда вандалдар иллюминация мен мерекелік мүсіндерді қиратып жатыр

Қарағандыда вандалдар иллюминация мен мерекелік мүсіндерді қиратып жатыр

Қарағандыда жарық иллюминациялар мен мерекелік мүсіндерді қиратқандар іздестіріліп жатыр. Тіпті орталық саябақтағы суретке түсуге арналған аймақтардың декорациясы ұрлана бастаған. Аяз атаның сақалы мен пимасын жоқ қылған. Ал қазақ батырларының сауыт-сайманы мен қол-аяғы жұлынған. Саябақ қызметкерлері мереке күндері саябақта демалғандар жылтырағанның бәріне қырғидай тиді деп отыр.

Мына батырлар Наурыз мерекесіне дейін қасқайып тұруы керек еді. Бірақ қаскөйлер сауыт-сайманын жұлғаны аздай, қол-аяғын талқандапты. Мамандар бұған жас баланың шамасы жетпейтінін айтады. Ал Аяз атаның үйі он шақты рет шабуылға ұшыраған.  Қиратып кетпесін деп, саябақтағылар оны орнынан алып қоймаға жасырыпты. Ал суретке түсушулер фотоаймақтағы әшекей бұйымның быт-шытын шығарған. Бұзылғанды қалпына келтіруге бюджеттің ақшасы мен біраз уақыты керек. Қаскөйлерді бақылау камералары да тоқтата алмай тұр. Орталық саябақта 150 бейнебақылау кемарасы бар. Мүлікті қиратқандар ұсталса, 20 күнге қамалады немесе 200 мың теңге айыппұл арқалайды.

Алиса Григорьева-Волконитина, Қарағанды саябағын басқару бөлімінің қызметкері: 

Вандализмнің әрбір жағдайы бойынша оншақты арыз жазылды. Аяз атаның үйінің өзін үш күн ішінде екі рет талқандап кетті. Бұл әрекеттер үшін ешкім ұсталмады, жазасын алмады. Қаскөйлеп еркінсіп, ойына келгенін істеп жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.