Джон Кеннедидің қазасына қатысты ерекше құпия деректер жарыққа шығады
Құпия құжаттар жарияланады. АҚШ-та 60 жылдан астам уақыт бұрын өлтірілген президент Джон Кеннедидің қазасына қатысты ерекше құпия саналатын деректер жарыққа шығады. Жаңа сайланған Дональд Трамп осындай бұйрық берді.
Автор: Ақтоты Жұмабек
24.01.2025
Ақ үйдің қазіргі басшысы бұл бастаманы президенттігінің алғашқы мерзімінде ұсынған. Десе де жергілікті полицейлер мұнымен келіспей қойған. Дегенмен Трамп «АҚШ азаматтарының шындықты білуге құқығы бар» дейді. Қазір құпия құжаттар Ұлттық мұрағатта сақтаулы.
Трамп марқұмның інісі Роберт Кеннеди мен қоғам қайраткері Мартин Лютер-Кингтің қазасына қатысты істер бойынша ақиқатты да жариялауды талап етті. Енді алдағы екі аптада құзырлы орган өкілдері президентке осы талаптар бойынша жауап дайындауға тиіс.
Айта кетейік, Джон Кеннедиді 62 жыл бұрын Далласқа ресми сапарында атып кеткен еді. Ол кезде Джон АҚШ президенті болып сайланғанына тек екі жыл өткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!