Эверест шыңын бағындырғысы келген алпинистерге енді қомақты қаржы қажет
Эверест шыңын бағындырғысы келген алпинистерге арнайы дайындықтан бөлек, қомақты ақша қажет. Әлемнің ең биік шыңы саналатын тауға шығудың құны соңғы он жылда алғаш рет көтерілді.
Автор: Ақтоты Жұмабек
24.01.2025
Гималайға көтерілгісі келетіндер енді әдеттегі бағадан 36 пайызға көбірек төлеуге мәжбүр. Непал билігі осының есебінен Джомолунгманың жан-жағын қоқыстан тазартып, екіншіден, көптеп келетін турист санын азайтпақшы. Сонымен Эверестке шығу, кем дегенде бір туриске 15 мың АҚШ долларына, яғни 8 миллион теңгеге айналмақ. Тариф жылдың төрт мезгілінде төрт құбылады. Ең арзаны —қыста Эверестке көтерілу 3 мың доллар төңірегінде.
Айта кетейік, жаңа бағалар осы жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енбек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!