Дер кезінде қаралғаннан — онкоаурудан айыққандар саны артып келеді
Елімізде онкологиялық аурудан айыққандар саны жылдан-жылға артып келеді. Дәрігерлер бұған халықтың дер кезінде ауруханаға қаралуынан дейді.
Автор: Әсем Лесбек
24.01.2025
Соңғы уақытта дертіне дауа іздегендердің шетел асып емделуі қарқын алуда. Ел азаматтары Израиль, Түркия, Үндістан сияқты елдердің медицинасына көбірек сенім артады екен. Алайда әлемнің ең мықты онкологтары жиналған клиникаға қаралам деп опық жеп жататын жағдайлар да аз емес. Сондықтан шетелге барарда асығыстық танытпай, сенімді компанияға жүгінген абзал дейді, мамандар.
Гүлжазира Үргешбай, Medical Trevel директоры:
— Бөтен ел, ауру кісі, онкология жаман ауру екені белгілі. Ол жаман аурумен ауырып өлім мен өмірдің арасында күйзелген адам бөтен елге барғанда басқа нәрсеге ұрынып қалмас үшін, біз алдын ала бәрін жоспарлап, осы клиниканың бөлімшесін аштық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!