{metadescription}
0:000:00
«Журналистика мерейтойы». Қазақ журналистикасының тарланы Намазалы Омашев 75 жаста

«Журналистика мерейтойы». Қазақ журналистикасының тарланы Намазалы Омашев 75 жаста

Қазақ журналистикасының тарланы Намазалы Омашев 75 жаста.  Ол жарты ғасырдан бері арқалағаны —  алтын, жегені —  жантақ мамандықтықтың қыр-сырын шәкіріттеріне үйретіп келеді. Бүгін айтулы мерейтойына орай, Қазақ ұлттық университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы салада теңдесіз ғылыми еңбектер жазып, мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде Намазалы Омашевтің дәрісін тыңдаған журналистер түрлі бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етеді. Мерейтой иесі қазір де болашақ тілшілерге дәріс оқуын тоқтатпаған.

Намазалы Омашев мамандыққа деген адалдықтың айқын көрінісін паш етіп келеді. Жетпістің бесеуіне қадам басса да, «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұстанымға берік. 50 жылғы еңбек жолын електен өткізсек, іргелі істердің ізі сайрап жатыр. Ол қазақ журналистикасының тарихын түгендеді. Қазақ радиосының бастауын айқындап берді. Ұлттық журналистика мамандарын даярлау ісін ұйымдастыруда заманауи көзқарас қалыптастырды. Бүгін ұлағатты ұстаз журналистиканың қарашаңырағы Қазақ ұлттық университетінде ұлықталды.

75 жылдық мерейтойына орай, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда мерейтой иесіне Президенттің, Мәжіліс төрағасы мен облыс әкімдерінің құттықтауы табысталды. Журналистика саңлағының өзі «мұның бәрі еңбектің арқасы» дейді.

Намазалы Омашев, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Білім алу да оңай емес екен. Жақсы дәрістер оқу керек, ғылыми кітаптар жазу керек, актуальді мақалалар жазу керек, осыны біршама орындаған сияқтымын. Университет мені өсірді, қатарға қосты, атағымды, атымды республикаға жайды. Сондықтан мен бақытты адаммын деп есептеймін. Біз, журналистер қауымы,қаламымыз қолымыздан түспейді ғой, үйреніп қалдық. Сондықтан үлкен туындылар болмаса да, мақалалар жазып тұратын шығармын деп ойлаймын.

Намазалы Омашев – аты аңызға айналған адам. Оның тынымсыз ізденістен туған 30-дан аса кітабы мен 500-ге тарта мақаласы бар. Еңбектері отандық ғылыми ортада ғана емес, шет мемлекеттерде де өз бағасын алған. Бұған қоса мерейтой иесі журналистердің бірнеше буынын тәрбиелеген ұстаз. Оның дәрісін тыңдап, тәрбиесін алған шәкірттер бүгінде түрлі бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарында табысты жұмыс істеп келеді. Арасында мемлекеттік қызметті таңдағандары да, ұстаз жолын қуғаны да бар.

Қанат Әуесбай, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы:

– Әрбір саланың ұстазы болады, менторы, тәлімгері болады. Ендеше осы медиа салсының, журналистика, БАҚ өкілдерінің ұстазы, новаторы, бас бағбаны   Намазалы Омашұлы деп айтуға болады. Өйткені  50 жылдық шығармашылық , ғылыми жолында бұл кісі қаншама шәкірт тәрбиеледі. Сол шәкірттің барлығы да еліміздің әр қиырында жемісті жұмыс істеп отыр. Намазалы ғылыми мектебі қалыптасты деп нық сеніммен айтуға болады.

Мерейтой иесі декан болған жылдары Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті білікті тілшілерді даярлайтын нағыз ұстаханаға айналды. Намазалы Омашев бұдан өзге лауазымды қызметтерді де абыроймен атқарды. Ол қазір де журналистика факультетінде дәріс оқиды. Ал ғалымның қаламынан туған мақалалары  республикалық газет-журналдарда әлі де жарық көріп тұрады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде