{metadescription}
Маңғыстау: Оқу-жаттығуда болған сарбаздың өліміне командирі  кінәлі деп табылды
Маңғыстау: Оқу-жаттығуда болған сарбаздың өліміне командирі  кінәлі деп табылды

Маңғыстау: Оқу-жаттығуда болған сарбаздың өліміне командирі кінәлі деп табылды

Сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды.  Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық әскери соты Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде сарбаз Марат Барқұловтың қазасына командирі  кінәлі деп тапқан. Зенитті-артиллерия взводының экс-командирі лейтенанат шенінен де айырылып, қауіпсіздігі орташа мекемеге аттанды.

Офицер Дамир Досовқа «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылған. Тапаншада оқ болмағанын айтып ақталған айыпталушының сөзін майор мен басқа да куәгерлер жоққа шығарды. Олардың айтуынша, лейтенант Досов кезекшілікке кіріскенде тапаншасын екі рет оқтауға жетер патронның барын біліпті.

Жалғыз ұлынан айырылған әкесі мен анасы моральдық өтемақы ретінде 50 миллион теңге талап етті. Оларды қолдауға бұл сотқа әскерде жараланған немесе қаза болған өзге де сарбаздардың ата-аналары қатысты.

Еске сала кетейік, 18 жастағы Марат Барқұлов былтыр 7 қыркүйек күні Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.