{metadescription}
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жер-жерден табылып жатыр
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жер-жерден табылып жатыр

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ жер-жерден табылып жатыр

Қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қару-жарақ жер-жерден әлі де табылып жатыр. Еліміздің төрт өңірінде жүргізілген іздестіру шаралары кезінде жасырылған мыңнан астам мылтық, тапанша мен граната тәркіленген.

Мысалы, Алматы қаласының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп 50 патроны бар үш шолақ мылтық, үш тапанша, төрт граната жасырылған жерді тапты. Арасында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин де бар. Тараз қаласында да үш жыл бұрынғы бейберекетсіздік кезінде жоғалған екі шолақ арбалет табылған. Ал Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленді. 

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде