Эпидемиологиялық жағдай тұрақты — тұмауға шалдыққандар азайған
Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жұқпалы аурулар қозатын маусымда, әсіресе тұмауға шалдыққандар саны азайыпты. Бас санитар дәрігер алдыңғы жылдармен салыстырғанда, биыл 20 пайызға дейін төмен деп отыр.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
27.01.2025
Сархат Бейсенова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, санитария- эпидемиологияны бақылау комитетінің басшысы:
— Жедел респираторлы вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық маусымы жалғасып жатыр. Елімізде жыл сайын эпидемиологиялық маусымда қазаннан сәуірге дейін жедел респираторлы вирустық инфекцияның 4-5 миллион жағдайы және тұмаудың 2 мыңға дейін жағдайы тіркеледі.
Эпидемиология маусымы, яғни қазан мен сәуір айларының арасында 5 миллиондай адам тұмауратады екен. Биыл сол сан әлдеқайда төмендепті. Бұл алдын алу және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесі дейді бас санитар дәрігер. Мәселен, биыл республика бойынша 2 миллион 300 мың адам тұмауға қарсы екпе алған. Қырым қанды безгегі, күйдіргі сияқты аса қауіпті аурулар да азайыпты. Ал оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, құтыру және басқа да 16 жұқпалы ауру бойынша жағдайлар мүлдем тіркелмеген. Короновирустың да әлі арамызда жүргені белгілі. Осы айда ғана коронавируспен 51 адам сырқаттанып ем-дом алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!