Жұрттың банкке берешегі 24 трлн теңгеден асқан, қарызы бір жылда 22,9 пайызға артқан
Несие алатын адам саны артып барады. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, жеке тұлғалардың банкке берешегі 24 триллион теңгеден асқан. Жұрттың қарызы тек бір жылдың ішінде 22,9 пайызға артқан.
Автор: Ақтоты Жұмабек
27.01.2025
Соның ішінде кепілсіз тұтынушылық несие және ипотека деп бөліп қарасақ, оқуға, үй жөндеуге ақшалай немесе тұрмыстық техниканы бөліп төлеуге кепілсіз ақша алғандардың саны 8 миллионнан асып кеткен. Ал оның өсімі 23 пайызға жетіп, 12 триллион теңгеге жақындай түсті. Баспаналы боламын деген жұрттың қарызы бір жылда 14 пайызға өсіп, 6,7 триллион теңгені құраған. Яғни оның жартысынан көбі 2023 -2024 жылдары алынған.
Автонесие де көш басында. Елімізде 559 мыңнан астам адам несиеге көлік алған. Жалпы берешектің 45 пайыз үлесі соларға тиесілі. Ақшаға шаққанда 3,6 триллион теңге болмақ. Бұл мәліметтерді бірінші кредиттік бюро ұсынды.
Қазақстандықтардың банктерге берешегі 24 триллион теңге.
Бір жылда жалпы қарыз сомасы — 22,9 %, тұтынушы несиелері — 22,9%, ипотекалық қарыз алушылар 14,1 % өскен, ал автонесие бойынша берешек — 44,8 %.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!