Футбол: Бас бапкер Станислав Черчесов пен оның көмекшілері қызметінен кетті
Футболдан еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Онымен қоса штабындағы барлық көмекшілері жұмыстан босатылған.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.01.2025
Жарты жыл ұлттық құраманы жаттықтырған Черчесов жанкүйерлердің көңілінен шыққан жоқ. Бапкерлікті қарық қылмағаны өз алдына, басынан дау да арылмады. Ұлттар лигасының «В» дивизионының топтық кезеңінде команда Черчесовтің басшылығымен сәтсіз өнер көрсетті. Соққан гол тұрмақ, тек Норвегия құрамасымен тең ойнаған кезде ғана бір ұпайға әрең қол жеткізді. Футбол сүйер қауым сол кезде Станислав Черчесовтің қызметтен кетуін талап еткен болатын. Оның қазақ тілінде сауал қойған тілшіге «французша сөйлеп отырсың ба?» деп дүрсе қойғаны ел есінде. Осы қылығы үшін 700 мың теңге айыппұл да салынды. Ақыры Футбол федерациясы еңбек шартын өзара келісіммен бұзып тынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!