{metadescription}
Павлодарда 20 келі мефедрон және бір жарым тоннадай шикізат тәркіленді
Павлодарда 20 келі мефедрон және бір жарым тоннадай шикізат тәркіленді

Павлодарда 20 келі мефедрон және бір жарым тоннадай шикізат тәркіленді

Павлодарда есірткі шығаратын зертхананың көзі жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура органдары білесіп құрықтаған азаматтан 20 келі мефедрон және оны дайындауға қажетті бір жарым тоннадай шикізат табылған. 

Қара нарықта грамдап сатылатын зиянды заттың 20 келісінің құнын есептей беріңіз. Оны өндірумен айналысқандарды құрықтау үшін «Бүркіт» арнайы жасағын тартуға тура келген. Тінткен кезде астыртын цехтан синтетикалық есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар мен ірі көлемде психотроп заттар тапқан. Есіңді екеу, түсіңді төртеу қылатын нашаны дайындап, оны сақтағаны үшін, сондай-ақ, саудаламақ болған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол 10 жылға сотталуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде